Құрметті орман шаруашылығы саласының ардагерлері мен қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Табиғатты қорғау, орман байлығын сақтау және келер ұрпаққа аманат ету жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын! Табиғаттың тыныштығы мен байлығын күзеткен жауапты қызметтеріңізге зор алғыс білдіреміз.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілейміз! Табиғат қорғау жолындағы игі істеріңіз өркендей берсін!
Ізгі тілекпен,
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ұжымы!
Орманшылар мерекесі құтты болсын!
- Категория: Жаңалықтар





