Сирек кездесетін түр, шектеулі аумақта аздаған мөлшерде кездеседі.
Мал азықтық өсімдік. Қатты бұтақтанған, жартылай бұта. Біржылдық өскіндері жалаңаш, тегіс, тармақталған. Гүлжапырақшалары көкшіл сұр түсті, жартылай дөңгелек. Пішіні жартылай шарға ұқсас, жіңішке жа рғақты жиектелген. Гүлшоғыры-масақ, гүлсерігінің жапырақшалары жалаңаш, жемістенген кезде қанатшалы, олар жеміс үстінде бағана тәрізденіп жиналады. Батыс және Оңтүстік Үстіртте (Қарамандыбас ойпаты, Кендірлі мүйісі), тұзды-шөлді кешендерде, бор шөгінділерінің арасында кездеседі.





