A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Нурмухамбетов Жаскайрат Эрмекович

Ұялы тел: 87002961384

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Ұялы тел: 87718383013

31 қазан – 1 қаңтар 2022 жылы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасы Н.Н.Қылышбаев, ЕҚТА басқармасының басшысы Е.Т.Дүйсекеев және Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Г.Ш.Досатов «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-не жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс тобы бірінші кезекте 44 қызметкері бар қорық ұжымымен танысты. Директордың уақытша міндетін атқарушы Ж.Э.Нурмухамбетов қорықтың тыныс-тіршілігі және 2022 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндады. Баяндамада ЕҚТА-ғы қорғау жұмыстары, ғылыми-зерттеу жұмыстары, экологиялық ағарту қызметтері туралы айтылды. Қазіргі таңда қорықтың жұмысын ұйымдастырудағы проблемалық сұрақтар талқыланды. Кездесу соңында Комитет төрағасы Н.Н.Қылышбаев «Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне» орай қорық инспекторы Д.Атантаевқа «Биоәртүрлілікті сақтауға қосқан үлесі үшін» II дәрежелі төсбелгісін және экологиялық ағарту аға маманы Р.Бадановаға «Құрмет грамотасы» марапаттарын табыстады.

Сондай-ақ жұмыс тобы Қарақия ауданындағы Сенек ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мен пайдалану мәселелерін талқылады.

Іс-сапар соңында Комитет өкілдері Үстірт қорығының Мәмекқазған жеріндегі инспекторлық кордонға барды. Онда табиғат қорғау мекеме қызметкерлерінің жұмыс жағдайымен танысып, «Көкесем» туристік маршрутындағы Көкесем  шатқалдарын аралады.