Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері «TazaLike» акциясының «Таза жағалау» жағалау аймақтары мен жағалауларды тазарту шарасы бойынша "Қарақия-Қаракөл" қаумалының Қаракөл көлі аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді.