“Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы” РММ «Қарақия-Қаракөл» қаумалының Қаракөл көліндегі аққу құстарының арасында өлім-жітімін анықтау жұмыстарының жалғасып жатқандығын хабарлайды.
Еске сала кетсек, 2023 жылдың 21 желтоқсанында «Үстірт» мемлекеттік табиғи қорығының «Қарақия-Қаракөл» қаумалының инспекторлары қорғау шараларын жүргізу кезінде Қаракөл аумағында 30 бас шамасында сыбырлақ аққудың өлген денелері анықталып (Қазақстанның Қызыл кітабына енбеген), өлген денелерден алынған сынамалардан АШМ Ветеринариялық және қадағалау Комитетінің "Ветеринария бойынша Ұлттық орталығы РМК"-ы және "Микробиология және вирусология" ғылыми өндірістік орталығы зертханасының қорытындысы бойынша құс тұмауына оң нәтиже бергенін хабарлаған болатынбыз. Аққу құстарының өлімі бойынша уақытында облыстық ветеринарлық қызметі, экологиялық департаменті, Маңғыстау облысының әкімдігіне, Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына хабарланды.
2023 жылдың 23-31 желтоқсаны аралығында табиғат қорғау мекемелерімен Қаракөл аумағын бақылауды одан әрі жалғастыру барысында құстардың өлім-жітімін анықтау кезінде көлдің аумағынан 102 бас аққу құсының өлген денесі, ал 2024 жылдың 2 қаңтарында тағы 95 бас өлген аққу денелері анықталды.
2024 жылғы 2 қаңтардағы жағдай бойынша барлығы 227 өлі құс табылды , оның ішінде 132 өлген аққудың денелері жойылды, ветеринариялық заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылдың 2 қаңтарында анықталған 95 аққуды жою жүргізілуде.