Үстірт мемлекеттік табиғи қорық аумағында құстардың 174 түрі тіркелген, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына 21 түрі енген: кішкене аққұтан, жалбағай, қарабай, кәдімгі қоқиқаз, балықшы тұйғын, аққұйрықты субүркіт, сақалтай, жыланжегіш қыран, дала қыраны, бүркіт, қарақұс, жұртшы, ителгі, лашын, сұр тырна, жекдуадақ, қарабас өгізшағала, ақбауыр бұлдырық, қарабауыр бұлдырық, қылқұйрық бұлдырық, үкі.