A A A Ц Ц Ц Ц

ШРИФТ:

Arial Times New Roman

ИНТЕРВАЛ:

х1 х1.5 х2

ИЗОБРАЖЕНИЯ:

Черно-белые Цветные
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Select your language

МЕНЮ

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Нурмухамбетов Жаскайрат Эрмекович

Ұялы тел: 87002961384

Директордың орынбасары

Ағиев Меңдібай Ізтұрғанұлы

Ұялы тел: 87718383013

Қарабай

Каравайка

Plegadis falcinellus

Дегелектәрізділер, немесе Ләйлектәрізділер отряды

Тырнақұтандар тұқымдасы

 

Таралуы.  Барлық материктерде шашырап кездеседі. Қазақстанда 1940-1950 жылдары Каспий теңізінің солтүстік жағалауында, Жайық өзенінің төменгі сағасында Антоновка ауылына дейін, Ырғыз бен Торғай өзендерінің төменгі сағаларында, Балқаш көлінің жағалауында оңтүстік шетінен Іле өзенінің атырауына дейін ұялаған. 70-інші жылдары тек Еділ өзенінің атырауында ғана ұялағаны белгілі. 1980 жылдардан бері Жайық өзенінің атырауында ұялайды.

Биологиялық ерекшеліктері. Жыл құсы. Үндістанда қыстайды. Жүздеп, тіпті мыңдап шоғыр құрып, жиі құтандар, суқұзғындары, ақтұмсық қарғалармен бірге ұялайды. Ұяларын ағашқа және қамысқа салады. Мамырдың бірінші жартысында 3-4 жұмыртқа туады. Екеуі бірге 24 тәулік шайқайды. 30 күндік балапандары өз беттерінше қоректене бастайды. Су және құрылық бунақденелілермен қоректенеді, сирек те болса өрмекшілер, моллюскалар, бақашабақтар, майда бақалар мен балықтардың шабақтарын ұстайды.