АҚБАУЫР ЖАРҚАНАТ. Сирек кездесетін түр. Қазақстанда екі жерде Сырдария Қаратауының батысындағы Ақмешіт үңгірі мен Үстірттің батыс жағындағы Қарамая тауынан табылған. Қаратауда аса терең емес тасты жерлерді мекендейді. Саны мен оған әсер ететін факторлар белгісіз.Үстірт қорығында қорғалады. Ақбауыр жарқанаттың биологиясын зерттеп, оны қорғау мәселерін дайындау қажет.
ҚАРАҚҰЙРЫҚ (gazella subgutturosa), тұлғасы сымбатты, дене тұрқы 101-126 см, шоқтығының биіктігі 67-79 см. Текесінің салмағы 22 кг, ешкісінікі – 20-34 кг. Текелерінің мүйізі түп жағы бедерлі, ұшы бір-біріне қарай аздап иілген, қара қоңыр түсті, ұзындығы 33-43 см болады, ешкілері – тоқал.
Үстіртте жұп тұяқтылар отрядының өкілі – үстірт арқары (ovis vigney arcal) мекендейді. Бұл ұзын аяқты сымбатты дала жабайы қойы. Дене тұрқы 120-150 см, шоқтығының биіктігі 77-98 см, қошқарының салмағы 53-80 кг, саулығының салмағы 36-46 кг. Қошқарының мүйізі онша үлкен емес, алға иіліп және ішкі қарай бұрылып тұрады.
Статусы. I санат. Өте сирек түр. Шектеулі территорияда бірен – сарандары кездеседі.
Гендік қорды сақтап қалудағы таксонның маңыздылығы.Туыстың Әлемдік фаунадағы бірден – бір өкілі.Қазақстанда оның таралу аймағының солтүстік шекарасы өтеді.
2021 жылдың сәуір-мамыр айларында Үстірт МТҚ директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ж.Нурмухамбетов Қазақстан Республикасының оңтүстік шекарасындағы Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстарында қарақұйрық популяциясының қазіргі жағдайын бағалау бойынша халықаралық зоологиялық SOS-джейран экспедициясына қатысып, аталған экспедиция есебінің бірлескен авторы.




