Neophron percnopterus
Сұңқартәрізділер отряды – Отряд Соколообразные – Falconiformes
Қаршығатектестер тұқымдасы – Семейство Ястребиные – Accipitridae
Таралуы. Африка, Оңтүстік Еуропа, Аравия, Кіші Азия, Иран, Ауғанстан, Үндістан; Орта Азия таулары. Қазақстанда Тань-Шань, Жоңғар (Жетісу) Алатауының сілемдері, Үстірт пен Маңғыстаудың құздарында, солтүстік ендіктің 46°-на дейін кездеседі. Үндістан мен Африкада қыстайды.
2023 жылдың 23-25 тамыз күндері аралығында Үстірт қорығы қорғау бөлімінің басшысы Қ. Мамаев, инспектор Б. Қожашев, инспектор-жүргізуші Н. Артықов қорық аумағында 2 дана жаңа аншлаг орнату, одан басқа тағы 6 дана аншлаг жаңарту, ескерту белгілерін сырлау жұмыстарын ұйымдастырып,
Балықшы тұйғын
Скопа
Pandion haliaetus
Сұңқартәрізділер отряды – Отряд Соколообразные - Falconiformes
Балықшы тұйғындар тұқымдасы – Семейство Скопиные – Pandionidae
Таралуы. Ертеде Қазақстанның көптеген су қоймаларында мекендеген. Қазір негізгі ұялайтын орындары Марқакөл көлі мен Қара Ертіс өзені. Бұлардан басқа 1976 жылы. Жаркент қаласынан оңтүстікке қарай Өсек көлінде, 1981 жылы Орал қаласына жақын Жайық өзенінде, 1982 жылы. Қапшағай су қоймасында Кіші Қалқанда, 1985 жылы Сырдария өзенінде ұялары табылған. 1981-1985 жылдары бірен-саран жұптары ұялайтын мерзімде Зайсан көлінде, Павлодар облысындағы Ертіс өзенінің бойында, Балқаш көлінің оңтүстік жағалауында, Бұқтырма өзенінің аңғарындағы көлдерден де кездеседі.
Майда қатыран
Катран беззубый
Crambe edentula
Семейство - Brassicaceae – Капустные
Сирек кездесетін, таралуы шектеулі түр. Тұран провинциясының эндемигі, реликт түр. Биіктігі 40-60 см, көп жылдық өсімдік. Бір, сирегірек бірнеше сабағы болады. Төменгі жапырақтары жүрек тәрізді сопақша, ұзындығы 4-12 см, жоғарғы жапырақтары - таспалыбіз тәрізді, ұзындығы 1 см-дей, майда. Гүлшоғыры біріккен қосарлы шашақ, сирек жағдайда бұтақтанған, бұтақшалары ұзарған болады, күлтелері сопақша, ұзындығы 5-7 мм, ақ түсті.
2023 жылдың мамырында National Geographic грант жобасының, Segré және Conservation X Labs жобаларының қатысуымен «Қазақстанда ірі мысықтарды - қар барысы мен Оңтүстік-Батыс Азия қабыланын зерттеу және қорғау бойынша халықаралық трансшекаралық жоба» іске қосылды. Жоба үш елде – Түркменстанда, Қырғызстанда және Қазақстанда жүзеге асырылуда.
Қазақстандағы Жобаның негізгі орындаушысы – Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының қатысуымен (АСБК https://www.acbk.kz/) «Биоалуантүрлілікті зерттеу және қорғау орталығы» қоғамдық қоры (BRCC https://www.brcc.kz/) болып табылады. Жобаның үйлестірушісі – Владимир Терентьев (BRCC).