2 наурыз 2023 жылы Үстірт қорығының мемлекеттік инспекторлар құрамына жыл сайынғы инспекторларды оқыту семинары аясында ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Ж.Устадов «Фенологиялық бақылаудың дұрыс толтырылуы», кіші ғылыми қызметкер Т.Дарибаев «Үстірт қорығы аумағындағы ауа райының құбылыстары» тақырыбында дәріс өткізді.
2023 жылы 3 наурызда жыл сайынғы семинар сабақтарының аясында қорықтың инспекторлар құрамына "Үстірт қорығының флорасы мен фаунасы" тақырыбында аға ғылыми қызметкер С.Тұрмағамбетов, "Фототұзақ құру әдістері. Сүтқоректілерге мониторинг жүргізу" тақырыбында аға ғылыми қызметкер А.Пулатов дәріс оқып, Жаңаөзен қаласы маңындағы жасанды көлшік аумағында практикалық сабақтар өтті.
Филин
Bubo bubo
Жапалақтәрізділер отряды.
Жапалақтар тұқымдасы.
Таралуы. Еуразияда кең тараған. Республиканың барлық территориясында әркелкі болып мекендейді, оның ішінде Шығыс, Оңтүстік-шығыс және Орталық Қазақстанның жазықтары мен тауларын қоса, Бетпақдалада, Арал өңірінде, Маңғыстауда, Үстірт пен Еділ-Жайық өзендерінің аралығында кездеседі.
Кәдімгі жұмсақ жеміс. (Malacocarpus crithmifolius) Шектеулі территорияда кездесетін, өсу ортасы өзгергенде жойылып кетуі ықтимал сирек түр. Монотипті туыс өкілі, реликт. Азықтық, декоративті өсімдік. Биіктігі 1,5 м, бұтақтары жайылған жазық жасыл өсімдік. Жапырақтары жалаңаш бұрыс екіқайтара ланцетті-таспалы бөліктерге тілімделген, кезектесіп орналасады. Гүлдері қосжынысты, жалқы, гүлсағағының ұзындығы 2 см-ге жетеді, жапырақтарына қарама-қарсы орналасады, тостағаншасы 5 салалы. Күлтелері лимон-сары, бір гүлде 5 тен. Жемісі – шырынды, 3 ұялы жидек, қызыл. Жапырақтары сәуір айында өсе бастаса, мамыр-маусымда қарқыны күшейеді.
"2 ақпан-Дүниежүзілік сулы-батпақты алқаптарды қорғау күніне" орай Үстірт қорығы мен Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі "Қаракөл көлінің бүгінгі жағдайы және болашағы" тақырыбында бірлескен "Экокөзқарас" жобасын ұйымдастырды. Бұл жобада Қаракөлдің қазіргі жағдайы, болашағы, "Қаракөл сақшылары" еріктілерінің көмегі, дрон ұшырудың көлдегі тіршілік иелеріне зиянды әсері, қорғау жұмыстары және т.б. мәселелер туралы айтылды.