Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Vulpes vulpes
Түлкі – жыртқыштар отрядының иттер тұқымдасына жататын аң. Орташа дене бітімді. Денесі ұзын, аяқтары биік емес. Тұмсығы созылған, құлақтары үлкен, тік, үшкір. Құйрығы денесінің жартысынан ұзын және өте үлпілдек.