Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Vulpes vulpes
Түлкі – жыртқыштар отрядының иттер тұқымдасына жататын аң. Орташа дене бітімді. Денесі ұзын, аяқтары биік емес. Тұмсығы созылған, құлақтары үлкен, тік, үшкір. Құйрығы денесінің жартысынан ұзын және өте үлпілдек.
27 сәуір 2024 жылы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы “Охотзоопром” ӨБ РМҚК, “Кендірлі - Қаясан” МҚА мемлекеттік инспекторларымен бірлескен рейд және фототұзақ құру жұмыстарын жүргізді.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкерлері А.Пулатов, С.Турмағамбетов, инспектор-жүргізуші Д.Атантаев және вахталық кезекшіліктегі инспекторлар Б.Қожашев, Е.Айтуов, Ә.Беков қатысуымен сәуір айының 19-22 сәуір аралығында Оңтүстік Үстіртке ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері Т.Дарибаев 10-19 сәуір аралығында қорық аумағында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.