Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2024 жылдың сәуір айының 15-17 күндері аралығында қорық аумағындағы жоғары сатыдағы өсімдіктерге «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК-нің б.ғ.к П.В.Веселова бастаған ғылыми кызметкерлерімен бірлікте Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері С.М.Тұрмағамбетов ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Оқ жылан – қабыршақтылар отрядына жататын бауырымен жорғалаушы. Сымбатты жінішке жылан (90 см), кұмды-сұр түсті басының пішіні әдемі және көздepi үлкен. Құйрығы өте жұқа және өткір. Онын улы тістері жағының жоғарғы бөлігіне алшақ орналасқан және адам үшін қауіп төндірмейді. Кеміргіштердің ініне жасырынады, тоғайларда жақсы өрмелейді. Күндіз белсенді. Наурыз айының басында ұйқыдан оянып іннен шығады, маусым айының соңына қарай шатылысады, шілде айында жұмыртқа салады. Жас жыландар шілде немесе тамыз айының соңында пайда болады. Тек қана кесірткелермен қоректенеді, алдымен улы тістерімен тістейді, содан кейін денесімен орап буындырады.
Үкі - негізінен шөлді, далалы, таулы орманды жерлерді мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Евразияда, сондай-ақ Қазақстанда кең тараған. Оның ішінде Шығыс, Оңтүстік-шығыс, және Орталық Қазақстанның жазықтары мен тауларын қоса, Бетпақдалада, Арал өңірінде, Маңғыстауда, Үстірт пен Еділ-Жайық өзендерінің аралығында кездеседі.
Түрлі биотоптарда – тұз бен шөл даладан биік таулы жерлерге дейін мекендейді. Ұясын – қуыстарға, үңгірлерге, әр түрлі бастырмалардың астына жасыруға болатын жерге салады. Дене мөлшеріне қарай 2-12-ге дейін жұмыртқа салады, ұрғашысы бір айдан көп басады. Үкілер негізінен, ұсақ кеміргіштермен, кей жағдайда құстармен қоректенеді. Көп көшпейді, негізінен отырықшы. Жұптарын өмір бойы сақтайды.
Фото авторы: Ж.Э.Нурмухамбетов
2024 жылдың наурыз айының 11-14 аралығында Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Ж.Устадов, ғылыми қызметкерлер А.Пулатов, С.Тұрмағамбетов, инспектор А.Кумусбаев қорық жылдық жоспарға сәйкес аң-құстарға көктемгі санақ жұмыстарын жүргізді.