Маңғыстау облысының жер бедері сан алуан, оған жазық жерлер Үстірт жазығы, Бозашы түбегі, таулы жерлер: ең биік нүктесі-Шығыс Қаратау жотасындағы Бесшоқы тауы, ал ең төменгі нүктесі-Қарақия ойпаты кіреді. Бұл ойпат тереңдігі жөнінен дүниежүзінде 3-інші орын алады. Үстірт қорығы - Қазақстанның Батыс өңіріндегі жалғыз қорық . Қорық Маңғыстау облысының Қарақия ауданында 223 342 гектар аумақты алып жатыр. Өзінің құқықтық қорғау режиміне сәйкес қорықтық және күзетілетін өңірлерге бөлінеді. Қазіргі уақытта қорық аумағында өсімдіктің 403 түрі, сүтқоректілердің 33 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 15 түрі, құстардың 174 түрі, қосмекенділердің 1 түрі кездеседі. Соның ішінде Қызыл Кітапқа енген- Төртжолақты қарашұбар жылан -
2023 жыл мамыр айының 15-30 аралығында "С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінің" 3-курс "Аңшылықтану және аң шаруашылығы" мамандығының студенті Жабас Найман Үстірт қорығында өндірістік тәжірибеден өтті.
Тәжірибе барысында қорықтың жұмысымен танысып, оқу- тәрбие мақсатына қажетті барлық ақпараттар берілді.
2023 жылдың 17-21 мамыр аралығында Үстірт қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Ж.А.Устадов Қарақалпақстан Республикасы Нөкіс қаласында Михаэль Зукков қорымен бірлесіп өткен Өзбекстанның, Қазақстанның және Түрікменстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесін сақтау саласы бойынша тәжірибе алмасуға, (GIZ) «Арал өңірінің экологиялық бағдарланған өңірлік дамуы» жобасына қатысты.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы директорының м.а Ж.Нұрмухамбетов, ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Ж.Устадов, кіші ғылыми қызметкер Т. Дарибаев, инспектор Д.Атантаев 2023 жылдың сәуір айының 27-нен мамыр айының 1-і аралығында қорық аумағына және оған шекаралас аумақтарға ғылыми-зерттеу экспедициясын ұйымдастырды.
Сақалтай
Бородач
Gypaetus barbatus
Сұңқартәрізділер отряды
Қаршығатектестер тұқымдасы
Таралуы. Оңтүстік-шығыс Қазақстанның тау жоталарында – оңтүстікте Талас Алатауынан солтүстікте Жоңғар (Жетісу) Алатауы мен Саурға дейін кездеседі. Бұдан басқа, Оңтүстік Алтай жоталарында, Бұқтырманың оң жағалауында, Орталық Алтаймен шекаралас жерлерде де мекендейді.

